Бүгіннен бастап Астанада қоғамдық көлік жолақысы – 110 теңге

18 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін болып қалады, ол үшін мектептің көлік картасын көрсету шарт.

Берік Дәулетов

  • 01.08.2024

Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлік ақысы 110 теңге болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін қымбаттайды, - деп мәлімдеген болатын Астана әкімдігі.

Еске салсақ, қалалық маршруттарда жол жүру құны 90 теңге деп 10 жыл бұрын қыркүйекте белгіленді.

18 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін болып қалады, ол үшін мектептің көлік картасын көрсету шарт.

Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар жеңілдікке ие:

ІІ Дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;

жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

көпбалалы аналар;

көпбалалы отбасылар;

мүгедектер;

он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).

«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.

Фото: Sputnik/Медина Куракова

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025
MalimBlocks