Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның неден көз жұмғаны белгілі болды

Қоғам
Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның неден көз жұмғаны белгілі болды

ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның неден көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұл туралы журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде жазды.

«Өзіңді «тамағына құс ұялаған әншісің» деп бағалаған еді ұстазың Каукен Кенжетаев ағамыз. Неге асықтың, Гүлеке… «Қымбатжан, жаз болса өтіп барады, келсейші Алматыға, немеремді көрсетем, сен де немерелі болып жатырсың, балалар бір-бірін көрсін» деп едің туған күніңде құттықтап сөйлескенімде… Түһ, құдай-ай, әлі бір 100 жыл өмір сүретіндей көреміз осы… Анаң да 40-тан асар аспастан кеткен еді, Эльмира сіңілің ұйқыдан оянбай қалды, тағы бір інің де жас кетті… Қатты құлазыдың… Енді міне өзің де ұйқыдан оянбапсың… Не болды жаным-ай… Үйдің үлкенімін деуші едің, нағашыңды аузыңнан тастамаушы ең, анаң ерте кеткен соң, нағашыңның қолдауын көрдің… Әппақ, таза жүрегіңмен мөлдіретіп салған әнің есімізде қалады енді… Байыр балаңа сабыр тілеймін, ұрпағың аман болсын… Қош бол, Гүлеке», – деп жазды журналист.

Гүлнар Сиқымбаева Шымкент маңындағы Ленгір ауданы Майбұлақ таулы ауылында туып-өскен. 1985 жылы Гүлнар Сиқымбаева «Гүлдерге» қабылданып, өнер көрсеткен. Қазақ, орыс, түрік, тәжік тілдерінде ән шырқаған. Қырғызстан және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу