Ақтөбе әкімдігі 8 млрд теңгені оңды-солды жұмсаған

Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.

Берік Дәулетов

Ақтөбе облысы әкімдігі табиғатты қорғау шараларының жоспарын орындау барысында көптеген заң бұзушылық жасаған. Мұны облыс прокуратурасы анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Экологиялық заңнамада қоршаған ортаны жақсартуды қаржыландыруға қойылатын талаптар белгіленген. Әкімдіктер оларды жүзеге асыру үшін өткен 3 жыл ішінде табиғи ресурстарды пайдаланушылардан түскен сомадан кем емес қаражат бөлуге міндетті. 

Мәселен, 2019-2021 жылдары облыс бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін барлық компаниялардан бюджетке 25 млрд теңге түскен, сәйкесінше әкімдік қоршаған ортаны жақсартуға осы сомадан кем емес қаражат бөлуі міндетті. Алайда жоспарға сәйкес, 2022-2024 жылдар  бойынша жалпы шығындар 23 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар жоспардың өзі талаптарға сәйкес келмейді, өйткені ол Үлгілік тізімде қарастырылмаған іс-шараларды қамтиды, - деп хабарлады әкімдік.

Жоспарға негізсіз ауылдарды газдандыру, жылу желілерін жөндеу, орман шаруашылығы мекемелерінің аппараттарын күтіп ұстау енгізілген.

Заңда көзделмеген шараларға жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 8 миллиард теңгеден асты.

Қазіргі уақытта табиғатты қорғау прокуратурасының шараларымен табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары Үлгілік тізбеге сәйкес түзетілуде, қаржыландыру көлемі 30 млрд теңгеге дейін өсетін болады, - деп хабарлады прокуратура.

Қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13.05.2025

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

08.05.2025

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады

06.05.2025

4 айда Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынған

05.05.2025

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

05.05.2025
MalimBlocks
Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады

4 айда Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынған

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Өтініш міндетті түрде тіркелуі тиіс