Ақтөбеде әкімдіктің жер телімдерін заңсыз бергені анықталды

Қаланың Бас жоспарына сәйкес, бұл учаске жасыл аймаққа кіреді және ол жерде қандай да бір құрылысқа тыйым салынған.

Берік Дәулетов

  • 20.05.2024

Ақтөбеде прокурорлар 156 млн теңгенің жер телімдері қала тұрғынына заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Ақтөбе әкімдігі қала тұрғынына бау-бақша ұжымынан ғимараттар мен құрылыстар салу үшін аумағы 0,1 га жер телімін берген. Алайда әкімдік берген учаске «Самара-Шымкент» халықаралық тас жолының бойына ауыстырылған. Ал қаланың Бас жоспарына сәйкес, бұл учаске жасыл аймаққа кіреді және ол жерде қандай да бір құрылысқа тыйым салынған.

Бұған қоса жер учаскесін көшіру кезінде 3,9 га кадастрлық құны 102 млн теңгені құрайтын қосымша жер учаскесі бөлінген. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде заңсыз берілген аумағы 6 га, жалпы сомасы 156 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, - делінген хабарламада.

Фото: mail.kz

Байланысты жаналықтар

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Шымкентте ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігін заңсыз берген

02.05.2025

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

01.05.2025

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025
MalimBlocks