Арыста әскери бөлім аумағында 3 адам қаза тапты

Тағы 2 адам ауруханада жатыр

Арман Қайыпхан

  • 05.07.2024

Бүгін Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесінде қызмет көрсету мен тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлады Malim.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, олардың екеуі – азаматтық тұлға және бірі – келісімшарт бойынша қызмет еткен әскери қызметші.

Ведомство өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысы абайсызда құдыққа құлап кеткен. Оған көмекке барған тағы екі жұмысшы мен екі әскери қызметкер де жоғары шыға алмаған. Салдарынан үш адам сол жерде қаза тапты. Тағы бір жұмысшы мен әскери қызметші Арыс қаласының ауруханасына жеткізілді. Қазір олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Олардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетін болады, – делінген министрлік хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ІІМ ӘТБ Шымкент бөлімімен ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі бойынша («Еңбекті қорғау ережелерін бұзу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Фото: newtimes.kz

Байланысты жаналықтар

Мысырда Ақмарал Мұқанованың өлімі: СІМ істің мән-жайын айтты

21.05.2025

Әскери қызметке шақырылғанына бір ай да толмаған: Аягөзде сарбаз көз жұмды

20.05.2025

Жантүршігерлік жол апатынан 6 шетелдік қаза тапты

20.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

18.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025
MalimBlocks