Арыстанбек Мұхамедиұлының иелігіндегі мектеп мемлекетке қайтарылды

Мектепті сату жөніндегі мәміле  жарамсыз деп танылды

Malim Админ

  • 19.07.2024

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекет иелігіне өтті.

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды. Мектепті сату жөніндегі мәміле  жарамсыз деп танылды. 17 шілдеде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енді.

Cотта нысанның нарықтағы бағасын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылық  расталды.

Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне, Арыстанбек Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі “Nomad's Land” ЖШС иелік еткен.

Еске салайық, бұрынғы мәдениет министрі бұған дейін екі іс бойынша айыпталған. Әуелі Ұлттық музейдегі жемқорлық дерегі бойынша 8 жыл арқаласа, кейін сол жазаны жеңілдету үшін адвокаты арқылы пара беріп, тағы айыпты болды. Сонымен алғашындағы сегіз жыл жазасына тағы үш жыл қосылып, 11 жылға сотталды. Сот үшінші іс бойынша да кінәлі деп тапқанның өзінде, тағы 12 жыл жаза қосылмайды. Заң бойынша, айыпталушы кесілген үш жазаның ішіндегі ең ауырын өтеуі керек.

Фото: Tengrinews.kz.  Т.Казангапов

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025
MalimBlocks