Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы өңдеудің үшінші кезеңі басталды

Әкімдік тұрғындардың өңделетін жерлерге бармай қоя тұруды сұрайды

Мәди Саматұлы

  • 22.06.2024

«Астана дезинфекциясы» ЖШС 18 маусымда ашық орындарды – саябақтарды, гүлзарларды, көшелерді, тұрғын үй алаптарын өңдеудің үшінші кезеңін бастады, деп хабарлады Malim.kz.

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, дезинсекциялық шаралар толық жоюға емес, тітіркендіргіш жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Өйткені олар да табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі.

Бүгінде қалада түнгі уақытта сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін жүргізілетін ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр. Тұрғындардың жайлы демалысы мен уақытын өткізу үшін адамдар көп жиналатын орындарға, яғни саябақтар мен жағалауларға ерекше назар аударылады, деп жазылған хабарламада.

Әкімдік дезинсекциялық шаралар кезінде мынадай сақтық шараларын ұстануға шақырады:

- Өңделетін жерге баруды қоя тұру;

- Өңдеу кезінде терезелерді жабу.

Қан соратын жәндіктердің санын анықтау және азайту жұмыстары бақылауда және ғылыми топ пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың кестелері мен ұсыныстарына сәйкес жалғасып жатыр.

Айта кету керек, кіреберістер мен жертөлелерді өңдеуді ПИК және МИБ жүргізуге тиіс.

Фото: elorda.info

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025
MalimBlocks