Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

Сұлу Бөлек

  • 08.05.2025

Әлеуметтік желілерде Астанада түсірілген видео тарады. Онда кеудесі орден-медальға толы қария әскери парадты тамашалау үшін трибунаға өтуге рұқсат сұрап, күзетшілерге өтініш айтып тұрған сәті бейнеленген, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Желі қолданушыларының арасында қызу талқы тудырған бұл видеода қария күзет қызметінен трибунаға жіберуді өтініп, кешіккені үшін кешірім сұрап, өзінің құжаттарын көрсетіп жатқаны бейнеленген.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by TengriNews (@tengrinewskz)

Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігіне жүгінгенде, видеодағы адамның тыл еңбеккері, профессор Теңдік Изақов екені анықталған. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Теңдік Изақов пен оның отбасымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб және ішкі саясат басқармасының басшысы Нурдаулет Әлмұханов кездескен.

"7 мамырда өткен парад кезінде трибунаға өте алмағаны үшін кешірім сұрап, ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегі мен қызметіне алғыс білдіру мақсатында тыл ардагері, профессор Теңдік Изақов пен оның отбасымен кездестік", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, іс-шара аумағына кіру тек алдын ала жасалған тізім бойынша жүргізілген. Орын саны шектеулі және ардагерлердің жасы үлкен екенін ескеріп, тізім тек олардың туыстарының өтініші негізінде жасалған.

Парадқа еліміздің барлық өңірінен келген ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысқан. Ал Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түспеген.

"Астана әкімдігі бұл жағдайға байланысты Теңдік Изақов пен оның жақындарынан шын жүректен кешірім сұрайды", – деп түсіндірді әкімдік тілшінің сұрауына жауап беріп.

Сондай-ақ әкімдік өкілдері Теңдік Изақовты 9 мамырда өтетін гүл қою рәсіміне арнайы шақырғандарын айтты.

Фото: видео кадры

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

08.05.2025

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

08.05.2025

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

08.05.2025

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

08.05.2025

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

08.05.2025

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

07.05.2025
MalimBlocks
Мәскеуде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

Бішкектегі парадқа 3 мың әскери қызметкер, ал Душанбеде 4,5 мың адам қатысып жатыр

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

Grand Slam жеңімпаздарына - 1000, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль иегеріне 500 рейтингтік ұпай беріледі

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды