Атырау облысынан басқа еліміздің барлық өңіріңде су тасқыны аяқталды

Осы орайда еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы Су министрлігі ақпарат жариялады

Арман Қайыпхан

  • 28.05.2024

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі ақпарат жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысынан басқа еліміздің барлық өңіріңде су тасқыны аяқталды. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 600 см, Атырау облысының Махамбет ауылында - 1020 см. «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 90%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 98,4%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 89,8%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 78%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99,2%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

27.03.2025

Тасқынға дайындық: қыркүйектің соңында Бұқтырмадан су жіберіле бастайды

22.09.2024

Елімізде жаңа Су кодексі әзірленді

18.07.2024

Олжас Бектенов Жамбыл облысында су үнемдеу технологиясын енгізуді тексерді

14.06.2024
MalimBlocks
Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

Тасқынға дайындық: қыркүйектің соңында Бұқтырмадан су жіберіле бастайды

Сөйтіп, еріген қар суын қабылдауға орын босатылады

Елімізде жаңа Су кодексі әзірленді

Қазақстанда жаңа 20 су қоймасын салынады

Олжас Бектенов Жамбыл облысында су үнемдеу технологиясын енгізуді тексерді

Бүгінгі күні су нысанында бөгеттің сейсмикалық тұрақтылығын арттыра отырып, реконструкциялау жөніндегі жобаның екінші кезегі іске асырылуда.