Атырау облысында бөгеттерде қауіпсіздік күшейтілді

Кезекшілер күшейтілген режимде көшкен

Мәди Саматұлы

  • 08.06.2024

Атырау облысында тасқын аумақтарында жел көтерілуіне байланысты бөгеттерде қауіпсіздік күшейтілді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметінше, Махамбет, Индер аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан қатты жел соғып жатыр. Желдің көтерілу жылдамдығы  секундына 6-11 метрге дейін жетеді деп күтіледі.

Сондай ақ, жел Атырау қаласында да күшейіп барады, соғуы секундына 7-12 м жылдамдыққа дейін жетуі мүмкін.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Махамбет, Индер аудандары, Атырау қаласында  бөгет бойындағы белгіленген учаскелерде кезекшілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп мәлімдеді төтенше жағдай жөніндегі облыстық жедел штаб.

Еске сала кетелік, 8 маусым, 12:00 сағаттағы жағдай бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі Индер ауданында – 896 см (шекті деңгейі – 845 см), Махамбет ауданында 993 см (шекті деңгейі – 850 см), Атырау қаласында 592 см (шекті деңгейі – 550 см) құрады.

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

30.04.2025
MalimBlocks