Атыраудың 1700-ге жуық мектеп оқушысы Маңғыстауда оқиды

Онлайн оқыту форматы биыл 8-12 сәуір аралығында жүргізіледі.

Malim Админ

  • 09.04.2024

Атырау облысында төтенше жағдай жариялануына байланысты Жылой ауданы, Құлсары қаласынан қазіргі уақытта 1678 мектеп оқушысы Маңғыстау облысына келді, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz.

Эвакуацияланған оқушылар өңірдегі білім беру ұйымдарына тіркелді. Ақтау қаласына 374 оқушы, Бейнеу 1098 оқушы, Жаңаөзен қаласына 65 оқушы және Қарақия ауданына 38 оқушы, Маңғыстау ауданына 41 оқушы, Мұнайлы ауданына 53 оқушы, Түпқараған ауданына 9 оқушы есепке алынды.

Сонымен қатар облысқа келген оқушылардың 351-і мектепке, 326-ы колледждерге, 992-і туыстарының және облыс тұрғындарының үйлеріне, 9-ы қонақ үйлерге ата-аналарымен бірге орналастырылды. Онымен қоса, жұмысты жүйелі ұйымдастыру үшін облыстық білім басқармасы тарапынан жауапты қызметкерлер жөнінде ақпарат енгізілген «Атырау облысына көмек» атты арнайы парақша ашылды.

7 сәуір күні оқушылардың барлығы сабаққа қатысты. Оқушылар 52 мектепке бекітілді. Оның ішінде, 1618 оқушы қашықтан, 49 оқушы дәстүрлі форматта білім алуда. Аталған мәселеге байланысты қашықтан оқыту сабақтары ZOOM желісі арқылы өтеді. Онлайн оқыту форматы биыл 8-12 сәуір аралығында жүргізіледі. Ал, өзгерістер қосымша хабарланып отыратын болады. Оқушыларға қажеттілігіне қарай кеңсе тауарлары, оқулықтар таратылды. Эвакуацияланғандар орналастырылған білім беру мекемелерінде қауіпсіздік шаралары қолға алынды.

Фото: дереккөз

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025
MalimBlocks