Әуежайда ерлік жасаған азамат танымал әншінің туысы болып шықты

Арман Қайыпхан

  • 07.03.2025

Бүгін Алматы әуежайында қаскөйдің қолынан пышақты жұлып алған ер адам туралы жаңа мәлімет пайда болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әуежай қызметкерін қаскөйден аман алып қалған ер адам – 52 жастағы Мұса есімді тұрғын. Ол танымал әнші, «Жігіттер» тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты. 

Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы, Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас ел шулап жатыр. Намысты жігігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді… Ешкім батыр боламын, қахарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз ерлік.Бұлай қаһарман боларын білгенде таңда бізді шығарып салғанда суретке түсіп алар едік. Ол 9:25 те Қостанайға ұшқанда көргенбіз, аманатын ап кеткенбіз. Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті, - деп жазды Бағлан Әбдірайымов өзінің әлеуметтік желісінде.

Мемлекеттік наградаға ұсынылған азамат БАҚ-қа берген сұхбатында оқиға кезінде ашулы ер адам әуежайдың тексеру қызметкерін шашынан тартып, пышақпен қорқытқанын айтты.

Полиция қызметкеріне барма дедім, себебі олардың қолында қару болды. Басқа жағдай болып кете ме дедім, сол үшін алаңдадым. Сөйтіп қыздың орнына мен бардым, менің қолымнан ұстап тұрды. Полицейлер сөзге тартып, көңілін аулап тұрды. Мен соны пайдаланып, дұрыс сәтті пайдаланып, пышағын жұлып алдым, - деп түсіндірді оқиғаны ер азамат. 

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді