Әуежайда жайбарақат қимылдаған қауіпсіздік қызметкерлеріне қатысты тексеріс басталды

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматы әуежайында адамдарды кепілге алған ер адамның әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.
Журналистер Әділовтен полиция мен әуежайдың қауіпсіздік қызметі нашар жұмыс істегені туралы пікірлерге қатысты ойын сұрады.
Бұл жөнінде жұмыс тобы құрылып, тексерістер басталды. Оның нәтижесі бойынша қандай шара қабылданғанын қосымша хабарлайтын боламыз, - дейді министрдің орынбасары.
Оның айтуынша, сол сәтте полицейлердің жасаған әрекеті белгіленген тәртіпке сай жүргізілді.
Әуежай – адам көп болатын стратегиялық нысан. Онда күш қолданбас бұрын жағдайды мұқият бағалау қажет. Қаруды қолданумен байланысты кез келген әрекет ақпаратты тексеруді, жоспарды әзірлеуді және оны залалсыздандыру шараларын қолдануды талап етті. Осы орайда күдіктіні ұстауға көмектескен азаматтың да ерлігін айта кеткен жөн. Полиция алгоритм бойынша әрекет етті. Оларды қудалау мүмкін емес, – дейді Санжар Әділов.
Айта кетейік, Алматыда ер адам әуежай қызметкеріне пышақпен тап берген болатын. Бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды.
Фото: Видеодан кадр
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
