457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ауғанстан енді Қазақстанға қару-жарақ сата ма? - Жұманғарин түсіндірді

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин 21 қазанда Алматыда өткен көрмеде ауғандар неге қару-жарақ әкелгенін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ашығын айтсақ, ол жерде ешқандай қару болған жоқ. Көрменің бұл бөлімі «антиквариат» деп аталды. Ауғандар – қолөнердің хас шебері. Олардың металмен не істейтінін көрулеріңіз керек. Қолдарынан бәрі келеді. Олар керемет заттар жасайды, бәрі жаңа. Олар дулыға, мушкет (мылтық) алып келді. Оның басым бөлігі – кәдесыйлар (сувенир). Адамдар оны сатып алып, мейрамханаға іліп қойса болады. Мұнда қару-жарақ жеткізу туралы сөз болмады. Олардың алып келген заттары көрмеге ерекшелік берді, - деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьердің сөзінше, көрмеде ешқандай қару-жарақ болмаған.

Еске салайық, 21 қазанда Алматыдағы Атакент-Экспо көшенінде ауған тауарларының көрмесі өтті. Іс-шараға 80-нен аса компания қатысты. Көрмеде жемістер мен көкөністер, сусындар, жаңғақтар, шафран шайы, құрылыс материалдары, асыл тастар сияқты 150-ден аса өнім қойылды.

Фото: Үкімет