Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Астананың қай жерлерінде өтеді?

Өз өнімдерін бірінші болып Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстары ұсынады

Malim Админ

  • 18.09.2024

Астанада дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады. Олар әр сенбі мен жексенбіде 27 қазанға дейін өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


21 қыркүйекте басталатын жәрмеңкеде елордалықтарға өнімдерін бірінші болып Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстарының аграршылары әкеледі. Олар ет, балық, сүт, азық-түлік өнімдерін, сондай-ақ көкеністер мен жемістерді тікелей фермерлерден ұсынады. Бұл азық-түліктің қолжетімділігін арттыруға да, отандық өндірушіні қолдауға да ықпал етеді.

Үш облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Астанаға 125 тонна ет және ет өнімдерін, 250 тонна көкеністер мен жемістерді, 26 тонна сүт өнімдерін, 22 тонна балық, 26 мың жұмыртқа, 2 тонна нан-тоқаш өнімдерін және 60 тонна өзге де азық-түлік өнімдерін әкеледі.

Жәрмеңке барысында концерттік бағдарлама да ұйымдастырылады.

Айта кетейік, биыл жәрмеңке «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолында өтеді. Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қамтамасыз етіледі.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған