Балалар омбудсмені Түркістан облысындағы біраз былықтың бетін ашты

Бұл туралы Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Мадина Қайнарова

  • 01.10.2024

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысында кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын комиссия дұрыс жұмыс істемейтінін айтып, сынға алды.

Балалар обмудсмені жуырда Түркістан облысына барған. Сапар барысында бірқатар маңызды мәселелер анықталыпты.

Мысалы, Келес ауданында 13 жастағы жасөспірім жыныстық зорлық-зомбылық салдарынан жүкті болып қалған. Қыз бала оқу жылының басында мектепке келмеген. Мұғалімдер бұл жағдайдан хабардар болса да, ешқандай шара қабылдамапты.

- Мектеп директорының орынбасары жағдайдан хабары бола тұра еш шара қолданбаған. Істі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жібермеген, – деп жазды Динара Зәкиева Facebook-тегі парақшасында.

Сарыағаш ауданындағы мектепте де ұқсас жағдай болған. Мұнда да көктемде зорлық-зомбылық салдарынан 15 жастағы қыз  жүкті болып қалыпты. Одан бөлек мұнда буллинг, бопсалау фактілері де бар.

– Сауалнамаға қатысқан оқушылар Сарыағаш ауданына қарасты ауыл мектебінде буллинг, бопсалау фактілерін айтты. Көктемде бұл мектепте бір бала суицид жасаған, сондай-ақ зорлық-зомбылық салдарынан 15 жастағы қыз  жүкті болып қалған. Бұл оқиғаларға дейін психологтар салғызған сурет арқылы екі оқушының да жағдайы дұрыс емес екені белгілі болған. Олар өзінің нашар сезінетіндерін айтуға тырысыпты. Бірақ ешкім назар аудармаған. Әлеуметтік қызметкерлер тарапынан жұмыс жүргізілмеді, - дейді Зәкиева.

Оқушылардың жүкті болып қалуы - бұл облыстағы жалғыз жаға ұстатарлық жағдай емес. Леңгірде 10 баланың қауіпті үйде аш-жалаңаш өмір сүріп жатқаны, сондай-ақ Түркістанда анасы мүгедек баласын қайыр тілуге мәжбүрлегені белгілі болды.

- Түркістанда әйел мүгедек баласын базарға шығарып, қайыр сұратқан. Леңгір қаласында 10 бала антисанитария жағдайында қауіпті үйде өмір сүріп жатыр. Көршілерінің айтуынша, шешелері маскүнемдікке салынып кеткен. Қорғаншылық және патронаж  органдары бұл отбасын  барып тексермеген, онда төрт кішкене бала бар. Балалар аш, жарығы жоқ, суық үйде өмір сүріп жатыр, – дейді омбудсмен.

Оның айтуынша, Сарығаш ауданында қорғаншылық органдарында қызметкерлер жеткіліксіз – 58 мың балаға бір қызметкер. Ал Отырар ауданында 36 отбасы полицияның есебінде тұр екен, бірақ олардың жағдайын комиссия қарамаған.

Фото: Динара Зәкиеваның Facebook-тегі парақшасынан 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Зәкиеваға "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

23.05.2025

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

20.05.2025

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

19.05.2025

«Ауыл – ел бесігі»: Түркістан облысының 142 елді мекенінде жұмыстар жүргізіледі

19.05.2025

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Зәкиеваға "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

«Ауыл – ел бесігі»: Түркістан облысының 142 елді мекенінде жұмыстар жүргізіледі

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.