Еліміздегі балалар суицидінің орташа жасы – 15-17 жас

Балалар суициді мәселесі арнайы кеңесте қаралды

Мәди Саматұлы

  • 22.09.2024

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид мәселесі, себептердің алдын алу, анықтау және онымен жұмыс істеу шаралары кеше Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

ІІМ мәліметтері бойынша балалар арасында суицидтің орташа жасы 15-17 жасты құрайды, алайда жағдайлар ерте жаста – 11-13 жаста жиі кездеседі.

Негізгі себептері – жалғыздық, ата-аналармен, туыстарымен, құрдастарымен қарым-қатынас және қорқыту. Сонымен қатар, қазіргі әлемде әлеуметтік желілер айтарлықтай әсер етеді.

Еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, осыған байланысты киберқауіпсіздік мәселелері талқыланған.

Уәкілдің сөзінше, биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі суицидті насихаттайтын ақпаратты таратудың 22 дерегін анықтап, 19 материал жойылған;

Зорлық-зомбылықты насихаттайтын ақпаратты таратудың 157 дерегі анықталып, оның ішінде 56 интернет-ресурс шектелген, сондай-ақ 101 материал бойынша хабарлама жіберілген.

Осы күндері министрлік Telegram және Meta өкілдерімен хабарласып, балаларды тарту үшін пайдаланылуы мүмкін белгілі бір атаулары бар барлық топты жою мәселесін талқылаған.

Жақында зорлық-зомбылыққа ұшырағандықтан өз-өзін қол жұмсау ниеті болған қыз анықталды. Нәтижесінде күдікті ұсталды, тергеу жүріп жатыр. 11 айда психоэмоционалды жағдай және суицидтік ниет мәселелері бойынша 1237 өтініш түсті. Барлығы 75 мың қоңырау түсті, дейді Динара Зәкиева.

Оның айтуынша, осы айдан бастап барлық мектепте қауіпсіздік сабақтары енгізілген. Бір жыл бойы балалардың құқығын қорғау комитетімен жұмыс жүрген. Барлығы 130 сабақ. Сондай-ақ, 110 мектепте Kiva-ның буллингке қарсы бағдарламасын пилоттық енгізу басталды, ол келесі жылдан бастап барлық мектепке енгізіледі.

Фото: azbyka.ru

Байланысты жаналықтар

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Оралда әйел биіктен секірмек болған

28.04.2025

Астанада ер адам көпірден секіріп кетті

18.04.2025

Абай облысында ер адам өзіне қол салмақ болған

05.04.2025

Павлодар облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды

31.03.2025

Алматыда 19 жастағы қыз 9-қабаттан құлап көз жұмды

28.03.2025
MalimBlocks
Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Оралда әйел биіктен секірмек болған

Астанада ер адам көпірден секіріп кетті

Абай облысында ер адам өзіне қол салмақ болған

Абай облысында полицейлердің көпірде жігітті құтқарған сәті видеоға түсіп қалды

Павлодар облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды

Павлодар облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. 14 жастағы оқушы бұл туралы мектеп психологына айтып берген

Алматыда 19 жастағы қыз 9-қабаттан құлап көз жұмды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.