Ертең Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді.
Жоғарғы соттың хабарлауынша, отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы таңдалып алынады.
«Іріктеу алқабилердің жеке басын жария етпеу мақсатында сот отырысы жабық өтеді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше Бишімбаев алқабилер соты мен БАҚ өкілдерін қатыстыруды сұраған еді. Сонымен қатар, айыпталушы тарап соттан істі қосымша тергеуге қайтаруды, «ерекше қатыгездікпен өлтіру» бабымен келіспейтінін айтқан.
ФОТО: Астана соты