Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа жолданды

Қоғам
Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа жолданды

Әйелін өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаев түрмеде әлі күнге дейін сот шешіміне келіспей отыр. Ол «жаза бастым» деп жазасын жеңілдетуді сұрады.

Сот кеңсесіне түскен ақпаратта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілген. Ал 5 тамызда іс судьяға берілген.

Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал оның інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша үкімін өзгеріссіз қалдырып, шешім шығарды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу