Биыл республикалық маңызы бар бірнеше автожол жөнделеді

"Астана – Алматы" автомобиль жолын реконструкциялау жобасын жүзеге асыру аясында шамамен 2,5 миллион тонна асфальт төсеу жоспарлануда.

Malim Админ

  • 28.05.2024

Биыл асфальтталатын республикалық желінің автожолдары белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, "Астана – Алматы" автомобиль жолын реконструкциялау жобасын жүзеге асыру аясында шамамен 2,5 миллион тонна асфальт төсеу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарға бір миллион тоннаға жуық асфальтбетон төселді. Мәселен, Астана мен Алматыны жалғайтын "Орталық – Оңтүстік" дәлізін реконструкциялау жобасына 560 мың тонна асфальтбетон төселген. "Ақтөбе – Қандыағаш" жобасында 125 мың тонна асфальт төселді және т.б., - деді Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.

"Талдықорған – Өскемен" тасжолын реконструкциялау барысында 638 мың тонна асфальтбетон пайдалану көзделген. Ал "Атырау – Астрахань" автожолын реконструкциялауды аяқтауүшін 500 мың тоннаға жуық асфальтбетон төсеу жоспарлануда.

Айта кетейік, биылғы жол құрылысы маусымы аясында ҚР Көлік министрлігі 12 мың шақырым жолды құрылыс жұмыстарымен қамтымақ.

Бұл – рекордтық көрсеткіш. Мәселен, республикалық маңызы бар 5,3 мың шақырым жолда жөндеу жұмыстары жалғасын тапса, 4,2 мың жергілікті маңызға ие жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады, - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар Көлік министрлігі салынғаннан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жолдарды орташа жөндеумен қамту бойынша жаңа ауқымды бағдарламаны іске асырады. 2,5 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Бұл облысаралық байланысты айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Мысалы, 4 облыстың аумағы арқылы өтетін "Жезқазған – Петропавл" автожолы орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Ақтөбе облысындағы "Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз" тасжолын, ал Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында Өскемен мен Семей арасындағы автомобиль жолы жөнделмек.

27 мамырда "Ақтөбе-Қандыағаш" автожолының жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

03.03.2025

Көлік министрлігі желіде жарияланған «қара жәшік жазбаларына» түсініктеме бермейтінін мәлімдеді

16.01.2025

Биыл 3 өңірде жаңа әуежай салынады

09.01.2025

Шымкентте жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 75%-ға жетті

29.12.2024

Көлік министрлігіндегі комиссия ұшақ апаты болған оқиға орнына барады

29.12.2024

Париждегі Нотр-Дам соборын қалпына келтіруге 700 млн еуро жұмсалған

30.11.2024
MalimBlocks
Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Көлік министрлігі желіде жарияланған «қара жәшік жазбаларына» түсініктеме бермейтінін мәлімдеді

Желіде «қара жәшік жазбаларының» күмәнді мәтіні жарияланған еді

Биыл 3 өңірде жаңа әуежай салынады

Жаңа әуежайлар курорттық аумақтармен қатынасты арттырады

Шымкентте жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 75%-ға жетті

Биыл қалада 365,8 шақырым жолға құрылыс -жөндеу жұмыстары жүргізілген

Көлік министрлігіндегі комиссия ұшақ апаты болған оқиға орнына барады

Бүгінде Ақтауға 17 халықаралық сарапшы келген

Париждегі Нотр-Дам соборын қалпына келтіруге 700 млн еуро жұмсалған

Собордың жаңа көрінісін алғаш боп президент Макрон тамашалады