Депутат Жанарбек Әшімжан TikTok желісін бұғаттауды ұсынды

Malim Админ

  • 19.02.2025

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Үкімет басшысы Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, TikTok әлеуметтік желісінде балалар мен жастарға әсер ететін пайдалы контенттен гөрі, теріс зиянды ақпараттар көбейгенін айтты. Бұл туралы turkystan.kz хабарлады.

Депутаттың айтуынша, бүгінгі таңда балалардың әліппесі – әлеуметтік желі, емізігі – TikTok, бесік жыры – Instagram десек артық болмас. Адамзат баласын отырғызып-тұрғызған осы құбылыстардың әсері – әсірелеп айтсақ атом бомбасынан кем болмай тұр.

«Өткен жылы әріптесім Ерлан Сайыров TikTok платформасының қоғамдағы кері әсері туралы тиісті орындарға дабыл қағып еді, селт еткен жан жоқ.

Сенатор әріптесіміз Нұртөре Жүсіп «бұрын балалаларды «тәк-тәкпен» тәрбиелейтін едік, қазір TikTok-пен тәрбиелеп жатырмыз» деп еді мінбеден. Өлі тыныштық.

Депутат әлем елдері мұның одан әрі етек алуына жол бермеу мақсатында Тик-Токқа шектеу қою немесе ондағы контентке бақылауды күшейтуді қолға алғанын атап өтті.

Мәселен, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдері ТикТок желісіне ішінара немесе толық шектеу қойды. Ал, Франция үкіметі жасөспірімдердің интернетке қолжетімділігін заңнамалық деңгейде реттеді.

«Австралия 16 жасқа дейінгі балаларға қолдануды заңмен шектеді. Осы жоғарыда аталған елдердің бір білгені бар шығар... Еуропалық Одақ, Канада, Ұлыбритания, Жаңа Зеландияда балалар қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылыққа байланысты 2023 жылы шешім қабылдап үлгерген. Керек десеңіз, TikTok-тың атасы саналатын Қытайдың өзінде бұл платформа қолжетімді емес.

Біз де жеделдетіп ТикТок-қа шектеу қою мәселесін қарастырғанымыз жөн. Өйткені, ТикТокты шамадан тыс қолданудың психологиялық әлеуметтік және академиялық салдары, баланың санасы мен денсаулығына кері әсері аз емес. Тіпті, офтальмолог дәрігерлер телефонға телмірген балалардың арасында кейінгі бес жылда көз аурулары күрт көбейіп кеткенін айтады», - деді депутат.

Жанарбек Әшімжанов ұрпағымызды ТикТоктан келер азғындықтан арашалап қалу үшін Үкіметке келесі шараларды қолға алуды ұсынды.

1. ТикТоктағы әдепке, ұлттық құндылықтарға, дәстүріміз бен салтымызға қайшы келетін, балалардың санасын улайтын, теріс әдеттерге шақыратын барлық контентке шектеу қою.

2. Елімізде ТикТокты кәмелеттік жасқа толмаған балалардың пайдалануына қатаң шектеу қою немесе мүлдем тыйым салу тетіктерін қарастыру керек деп есептеймсіз.

Сауалға заңда көрсетілген мерзімге сай жауап беруіңізді сұраймыз, - деді Ж. Әшімжанов.

Байланысты жаналықтар

Америка TikTok-ті бұғаттады

19.01.2025

Барып тұрған арсыздық – Ермұрат Бапи Әлия Назарбаеваның кәсіпкермен арадағы дауы жайлы

29.05.2024

Мәжіліс депутаты тоғызқұмалақ ойынының атауын өзгертуді ұсынды

29.05.2024

«Депутаттардың көзінше Путинмен қорқытты»: Бір топ қазақ орыс сыныбын аштырғысы келеді

29.04.2022

Ажырасу. Мыңбай не сұрады, Тоғжанов не деді?

15.11.2021

Жанарбек Әшімжан. Сәуiр сырғып ағады сабағынан...

01.04.2021
MalimBlocks
Америка TikTok-ті бұғаттады

Барып тұрған арсыздық – Ермұрат Бапи Әлия Назарбаеваның кәсіпкермен арадағы дауы жайлы

Журналистер кулуарда депутаттан “Әлия Назарбаеваның Бимурзиннің өзін сотқа беруі қандай да бір сигналды білдіре ме?” деп сұраған.

Мәжіліс депутаты тоғызқұмалақ ойынының атауын өзгертуді ұсынды

Ғалымдар мен зерттеушілердің пікірі бойынша, бұл ойынның жалпытүркілік атауы бар.

«Депутаттардың көзінше Путинмен қорқытты»: Бір топ қазақ орыс сыныбын аштырғысы келеді

Құл ғой нағыз, қожайынын Путин санаған! Міне, біздің биліктің 30 жылда бір ұлтты екі тілге - екіге бөлген қастандығы!

Ажырасу. Мыңбай не сұрады, Тоғжанов не деді?

Жанарбек Әшімжан. Сәуiр сырғып ағады сабағынан...