Мәжіліс депутаты тоғызқұмалақ ойынының атауын өзгертуді ұсынды

Ғалымдар мен зерттеушілердің пікірі бойынша, бұл ойынның жалпытүркілік атауы бар.

Берік Дәулетов

  • 29.05.2024

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дейін жалпытүркілік «тоғызқұмалақ» зияткерлік ойынының атауын ортақ нұсқамен «тоғызат» деп атау шараларын қолға алуды ұсынып, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Гүлдара Нұрымова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде өтетін ауқымды шараның бірі V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын жоғары деңгейде сапалы өткізуді тапсырғанын айтты. Осыған орай, Мәжіліс депутаты бұл ойынды өткізу қарсаңында аса маңызды бір мәселені көтерді.

Тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны түркі халықтарының ортақ игілігі, тарихи құндылығы мен ақыл-ой мәдениетінің көрсеткіші әрі ортақ жәдігері болып табылады. Бұл ойын соңғы жылдары дамудың барынша жоғары сатысына көтерілгенмен, әлемдік ауқымда барынша орнығуға кейбір кедергілер бар. Соның бірі – тоғызқұмалақ спортының атауы, - дейді депутат.

Оның айтуынша, бүгінде ойынның негізгі екі атауы бар.

Қазақша – тоғызқұмалақ, қырғызша – тоғызкөргөл, ішінара түрікше - мангала/гечюрме аталады. Қазақстан тарапы халықаралық жарыс өткізгенде, ойынның аты «тоғызқұмалақ» аталады да, Қырғызстан жағы жарыс ұйымдастырғанда, бұл ойын «тоғызкөргөл» болып шыға келеді. Осылайша, түркі халықтарының бір ойыны әлемдік аренада екі түрлі аталып келеді. Ғалымдар мен зерттеушілердің пікірі бойынша, бұл ойынның жалпытүркілік атауы бар, ол – Тоғызат.  Бұл туралы этнограф Г. Загряжскийдің жасаған еңбегі арқылы ойынның атауы XIX ғасырда «Тоғызат» аталғаны мәлім болып отыр, - деді Гүлдара Нұрымова.

Еске салсақ, бұған дейін Malim.kz белгілі журналист, мәдениеттанушы Серік Ерғалидың «Тоғызқұмалақ па, тоғызкөргөл ме?» деген тақырыпта мақаласын жариялаған болатын.  

 

Фото: Gov.kz

Байланысты жаналықтар

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Пальма»-дан жеңіліп қалды

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025
MalimBlocks
Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Таразда депутат соққыға жығылды

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Пальма»-дан жеңіліп қалды

«Пальма» аталған турнирде қатарынан үшінші мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды