Елімізде болған орман өртіне кінәлілер айыппұлмен құтылып кеткен

Республика ормандарында жалпы алаңы 36,2 мың га (110,6 мың га) құрайтын 161 (597) өрт тіркелді.

Берік Дәулетов

  • 30.07.2024

Мемлекеттік орман күзеті биылғы өрттің туындауына кінәлі 13 адамды анықтаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардан 7 млн 500 мың теңге әкімшілік айыппұл және 700 мың теңгеден астам шығын өндіріп алынды, - деп мәлімдеді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қабылданған шаралар орман өрті алаңын 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 есе (110,6 мың гектардан 36,2 мың гектарға дейін) соның ішінде орманмен көмкерілген жерлерде – 5 есе азайтуға мүмкіндік берді.

Республика ормандарында жалпы алаңы 36,2 мың га (110,6 мың га) құрайтын 161 (597) өрт тіркелді. Соның ішінде орманмен көмкерілген жерлер – 12,4 мың га. Бұл ретте, биыл қатты өртке ауысу фактілері тіркелмеді. Әкімдіктерге қарасты ормандарда жалпы алаңы 30,5 мың га (5,8 тыс. га) құрайтын 71 (269) өрт тіркелді.

Көлемі үлкен орман өрттері келесі облыстардың орман мекемелері аумақтарында жол берілді:

Жамбыл облысы – 19,1 мың га, соның ішінде орманмен көмкерілген жерлер – 11,2 мың га;

Атырау облысы – 10,4 мың га, соның ішінде орманмен көмкерілген жерлер – 463 га.

Осы өрттердің негізгі себептері – дала өртінің мемлекеттік орман қоры аумағына өтуі.

Министрлікке қарасты ормандардың жалпы аумағы 5,7 мың гектарында (104,8 мың га) 90 (328) өрт тіркелді. Соның ішінде 5,6 мың гектары (камыс) Іле-Балқаш резерваты аумағында.

Бұл ретте, өрттің көбі – 66 оқиға Ертіс өңірінің қарағайлы ормандарында: Семей орманында – 43, Ертіс орманында – 23 оқиға болды. Негізгі себеп – найзағай жарқылы. Өрттердің жалпы алаңы небәрі 12 га құрайды, ал бір өрттің аумағы - 0,2 гектардан аспайды.

Фото: Gov.kz

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ