Елімізде ішімдік ішіп, көлік жүргізетіндер саны 15%-ға өскен

Мас күйінде қайта көлік тізгіндеу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны 20% көбейді.

Берік Дәулетов

  • 30.07.2024

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында ел аумағында жол ережесін бұзу фактілерін автоматты түрде тіркейтін неше камера бар екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік жолдарда тәртіп орнату бағытында үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Басты назар — профилактика. Биыл жол ережесін бұзу 58%, қарсы жолаққа шығу деректері 70% көп анықталды. Ұсталған "мас" жүргізушілердің саны 15% өсіп, бәрі әкімшілік қамауға алынды. Мас күйінде қайта көлік тізгіндеу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны 20% көбейді. Өрескел бұзушыларды құқығынан айыру 2 есеге өсті, — деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан қалаларында жол қозғалысын бақылайтын 24 мыңнан астам камера жұмыс істеп тұр.

Қалаларда жол ережелерін бұзуды тіркейтін 24 мыңнан астам автоматты камера орнатылды. Патрульдік автокөліктерді бұзушылықтарды тіркейтін жүйелерімен жабдықтап жатырмыз. Бүгін осындай жүйелерді маршруттық автобустар, жедел жәрдем және мемлекеттік автокөліктерге орнату мәселелері пысықталуда. Бұл бастама Президентке баяндалды, — деді ол.

Фото: kolesa.kz

Байланысты жаналықтар

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

14.05.2025

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

05.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады

27.04.2025

"Хуторлықтар ісі": Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды

21.04.2025
MalimBlocks
Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

Tesla аккумуляторлар мен чиптерді әзірлеуден бастап БЖ-ны шығарып, тікелей сатуға дейінгі бүкіл өндірістік циклды бақылайды

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады

"Хуторлықтар ісі": Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды

Талғардағы атышулы"Хуторлықтар" қылмыстық тобының жетекшісі деп аталған Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов BES.media тілшісіне мәлімдеді