Елімізде қанша үйді су басқаны белгілі болды

Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты.

Malim Админ

  • 10.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 167 935 келі гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты.

Су тасқыны басталғалы бері 96 472 адам, оның ішінде 31 640 бала құтқарылды. Әуе көлігімен 2 823 адам, соның арасында 865 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Уақытша орналасу пункттеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналастырылды, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Сайпаштың айтуынша, 82 559 бас мал қауіпсіз жерге айдалған.

Зардап шеккен өңірлерге 167 935 келі гуманитарлық көмек жеткізілді. Бірлескен күштердің көмегімен 8,5 млн текше метрден астам еріген қар суы шығарылды. 1,3 млн қапшық және 1,1 млн тонна инертті материал төселді. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су ағызылды. Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 24 295 адам, 2 655 техника, 469 су сору және 139 жүзу құралы, 10 әуе көлігі жұмылдырылды, - деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ дәл қазіргі сәтте Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 444 жер үйді, 336 аула аумағын су басып тұрғаны анықталды.

Су шайған 105 автожол, оның ішінде 8 көпір мен 97 жол төсемі бақылауда тұр. Көлік қатынасынсыз қалған 69 елді мекен бақылауға алынды. Республикалық және жедел штабтар жұмысын жалғастырып жатыр. Барлық күш пен құралдар төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға жұмылдырылды, - деді Ерасыл Сайпаш.

Фото: Өркен ЖОЯМЕРГЕН

Байланысты жаналықтар

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

20.05.2025

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025
MalimBlocks
Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

Тоқаев билігінің алғашқы кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге бағытталған арнайы ұлттық стратегиялық жоспарды қабылдады

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді