Еліміздің ең қарт тұрғыны қай облыста тұрады?

Елімізде 100 жасаған және одан да үлкен жастағы 423 азамат бар.

Malim Админ

  • 30.09.2024

Елімізде 100 жасаған және одан да үлкен жастағы 423 азамат бар. Жасы ең үлкен тұрғын Ұлытау облысында тұрады. Ақ жаулықты әжеміз биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

Әдетте, ең көп өмір сүретіндер еліміздің оңтүстік өңірінде көбірек деуге болады. Мәселен, Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 64 адам бар екенін айта кету керек.

Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша еліміздегі екінші орында ең ірі қаламыздың бірі – Алматы. Қазір Алматы қаласында 100 жастан асқан 48 адам тұрады. Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 38 адам тұрады. Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны – 114 жас, Павлодар облысы – 112 жас, Түркістан облысы – 110 жас кірді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялады.

Оны өткізудің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.

Фото: veraclinics.kiev.ua/ru

Байланысты жаналықтар

Жошы ұлысына 800 жыл: Олжас Бектенов Ұлытаудағы тарихи-мәдени кешенге барды

23.08.2024

Ұлытау облысында алты жасар бала терезеден құлап кетті

04.08.2024

Алдағы он күнде қай өңірлерде құрғақшылық болады

20.06.2024

Балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

19.02.2024

Сенат Төрағасы Ұлытау облысының жұртшылығымен кездесті

03.07.2023

«Жауабыңыз қабылданбайды» – Әбдіғалиұлының сөзі Смайыловқа ұнамай қалды

17.01.2023
MalimBlocks
Жошы ұлысына 800 жыл: Олжас Бектенов Ұлытаудағы тарихи-мәдени кешенге барды

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2021 жылы салынған «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толды.

Ұлытау облысында алты жасар бала терезеден құлап кетті

ТЖМ халыққа қауіп жайлы құлағдар етті

Алдағы он күнде қай өңірлерде құрғақшылық болады

«Қазгидромет» РМК дауылды ескерту жариялады.

Балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

Ол қазір уақытша ұстау изоляторында

Сенат Төрағасы Ұлытау облысының жұртшылығымен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлытау облысының мәслихат депутаттары, ақсақалдары және жастарымен кездесті.

«Жауабыңыз қабылданбайды» – Әбдіғалиұлының сөзі Смайыловқа ұнамай қалды

Бюджеттен ақшаның кешігіп түсу себебін отырыста баяндама жасаған Қуантыровтан да бір сұрай салуы керек пе еді...