ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев барлық жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Соңғы жылдары елімізде жол апаты салдарынан болған адам шығының саны екі есеге азайды. Бұл — қоғамның ортақ нәтижесі. Бірақ біздің түпкі мақсат — адам өлімін мүлде болдырмау. Бір де бір жан жолда қаза таппауы тиіс.
Сондықтан біз сіздерді қарапайым, бірақ маңызды қағидаларды ұстануға шақырамыз:
— жылдамдықты асырмаңыз;
— мас күйде көлік жүргізбеңіз;
— жастарға үлгі болыңыз;
— өзге жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге құрметпен қараңыз. Тәртіп — бұл шектеу емес, бұл қорған. Ол сізді және сіздің жақындарыңызды сақтайды.
"Заң мен тәртіп" қағидаты жай ұран емес, бұл — әр азаматтың қауіпсіздігіне негіз болатын өмір салты.
Заңға құрмет — қоғамға құрмет. Қауіпсіз жол — ортақ жауапкершілік. Әркім өз үлесін қосса, біз әрбір жолды шынымен қауіпсіз ете аламыз, - деді Қайсар Сұлтанбаев.
Фото: freepik.com


Ең көп оқылған
