Істі болған АМӨЗ-дің бұрынғы басшысы сотта жеңіп шықты

Енді ол сот шешімімен қызметіне қайта оралатын болды

Мәди Саматұлы

  • 22.06.2024

Істі болған Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Ғалымжан Жусанбаев Астанадағы сотта жеңіп шықты. Енді оған жұмыста болмаған уақыттары үшін жалақысы, сонымен бірге моральдық зиян ретінде 100 мың теңге өтемақы төленуі керек, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Жусанбаевтың қатысушылардың кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасын, еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың жарамсыз деп тану, бас директор лауазымын қалпына келтіру, мәжбүрлі жұмыстан шығу уақыты үшін жалақыны өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты талабын қараған.

Сот еңбек шартының талаптары бойынша талапкерге 6 ай сынақ мерзімі белгіленгені, алайда шарт 1 ай өткеннен кейін бұзылғанын анықтаған.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды. Сот жауапкермен қызметкердің сынақ мерзіміндегі біліктілігіне сәйкес еместігін дәлелдей алмағандықтан, талапкердің құқықтары бұзылған деп таныды. Еңбек шарты жұмыстан шығару рәсімін бұза отырып күшін жойған, деп жазылған сот шешімінде.

Сонымен бірге, еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты жарамсыз деп тану, Жусанбаевтың бас директор лауазымын қалпына келтіру туралы шешім шығарылып, мәжбүрлі жұмысқа келмегені үшін жалақысы және 100 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды