Казақстан «алтын виза» бағдарламасын іске қосады

Қазақстан шетелдік инвесторларға арналған жаңа «алтын виза» бағдарламасын енгізіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Енді ел экономикасына кемінде 300 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған шетел азаматтары инвесторлық визаға онлайн өтініш бере алады. Бұл виза кейін Қазақстанда 10 жылға дейін тұруға ықтиярхат алуға мүмкіндік береді.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, мұндай визалық бағдарламалар Еуропа елдерінде, АҚШ, БАӘ және Сингапур секілді мемлекеттерде кеңінен қолданылады және капитал мен технология тартуда тиімді құрал ретінде өзін дәлелдеген.
«Қазақстан да осы халықаралық тәжірибеге қосылып, инвестициялық резиденттіктің өзіндік моделін ұсынып отыр», – деп атап өтті жобаға бастамашы болған Сыртқы істер министрлігі.
Фото: pixabay.com
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
