Кеше сотталған экс-полицей Берік Әбілбековтің видеосы жарияланды

Редактор Редактор

  • 18.01.2025

Қоғам белсендісі Абзал Достияр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Ол видеодағы адамды Алматы полиция департаментінің бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков деп сипаттайды. А.Достиярдың айтуынша, экс-полицей бұрын Алматы қаласында өткен митингілер кезінде белсенділерді аңду, ұстау, қамау ісіне жауапты болған.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында 100-ден астам адамды қамап, азаптағы белгілі болған еді. Кеше ішінде Қырғызстан, Өзбекстан азаматтары бар бейкүнә адамдарды азаптады деген айыппен Қарасай аудандық полиция басқармасының алты қызметкері сотталды. Олардың қатарында осы Берік Әбібеков те бар. Ол 3 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болы.
Оларға «Қатыгез, адамгершілікке жат немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас, азаптау» және «Билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану» баптары бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген айып тағылды.

Берік Әбілбеков 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қарағанды заң институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың қыркүйегінен бастап орта және жоғары басшы құрамында түрлі лауазымдарда қызмет еткен. 2019 жылдың қарашасынан бастап Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен алынды.

Фото: ratel.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

8 жылға сотталған Қайрат Құдайбергеннің қандай активтері бар?

03.02.2025

«Дикий Арман» 20 жылға қамалды

27.01.2025

«Қаңтар» оқиғасында жоғалған қарулар табылды

27.01.2025

HRW: Мамай, Жыланбаев, Тілеужандарды әділетсіз соттады

17.01.2025

Талдықорғанда «Қаңтар» оқиғасы кезінде ұрланған автомат пен тапаншалар табылды

08.01.2025

Танымал боксшы Бақтияр Артаев "Дикий Арман" үшін қызметінен кеткен

15.07.2024
MalimBlocks
8 жылға сотталған Қайрат Құдайбергеннің қандай активтері бар?

«Дикий Арман» 20 жылға қамалды

«Қаңтар» оқиғасында жоғалған қарулар табылды

ІІМ елде ауқымды операция жүргізді

HRW: Мамай, Жыланбаев, Тілеужандарды әділетсіз соттады

Human Rights Watch ұйымы Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі есебін жариялады

Талдықорғанда «Қаңтар» оқиғасы кезінде ұрланған автомат пен тапаншалар табылды

Биылдыққа елімізде 24 дана атыс қаруы тәркіленген

Танымал боксшы Бақтияр Артаев "Дикий Арман" үшін қызметінен кеткен

Артаев Бокс федерациясының вице-президенті қызметінен кеткен еді