Көк базар кімдікі?

Қазір тарихи сауда нысаны коммерциялық жылжымайтын мүлікпен айналысатын ірі инвестициялық холдинг «Mercury properties» ЖШС-ның иелігінде

Аялдар Күнтуған

  • 08.11.2024

Алматыдағы Көк базардың шын иесі кім? Олар неге Алматы қаласы әкімдігімен соттасып жүр? Телеграмдағы @Shishkin_like каналында Көк базарға қатысты жазба жарияланды. Сонл жазбаны ұсынып отырмыз. Алматыдағы ірі базарлардың иелері туралы алдағы уақытта да жазатын боламыз.

                                                                                                          Редакциядан.

Алматы қаласындағы Көк базар 150 жылдан астам қаланың «визиттік карталарының» бірі болып келеді. Мұнда 1868 жылдан бері сауда жасалады.

Қазір тарихи сауда нысаны коммерциялық жылжымайтын мүлікпен айналысатын ірі инвестициялық холдинг «Mercury properties» ЖШС-ның иелігінде (иелері: экс-президент Назарбаевтың екінші күйеу баласы Тимур Құлыбаев пен оның 34 жасар ұлы Алтай Асқар).

Компания сайтындағы мәліметке қарағанда, базардың жалпы аумағы шамамен 43 мың шаршы метрді құрайды (4,3 га), ал жалға берілетін алаңы 22 мың шаршы метрден сәл аз (Анықтама үшін айта кетейік: «Меркурий» компаниясы басқаратын объектілердің жалға берілетін жалпы нысандарының аумағы 682 мың шаршы метр).

Көк базар қазір тұрақты жұмыс істеп тұр, бір бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары да жүріп жатыр (жөндеу жұмыстарын аяқтау 2025 жылға жоспарланған). Жаңғырту жұмыстары 1970 жылдары салынған бас ғимараттың тозуына байланысты қолға алынған. Айта кетейік, Қазақстандағы басқа базарлар сияқты, мемлекеттің үлкен базарлардағы тәртіпті қалпына келтіру жоспары аясында қайта жөндеуден өтіп жатыр. Біз сауда қызметін рететйтін заң туралы айтып отырмыз. Сол заңға 2015 жылы тиісті түзетулер енгізілген. «Курсив» басылымының жазуынгша, базар реформасына сол жылы «Адем» базарында болған ірі өрт себеп болған. Заңдағы түзетулер бойынша базарда қауіпсіздікке қатысты жабдықтар мен инфрақұрылымның болуы міндеттеледі. Базарға модернизацияны базар иелері қаржыландыруы тиіс.

Кадастрлық карта бойынша базар 3,2 гектардай аумақты алып жатыр. Осы аумаққа екі компания иелік етеді: мемлекеттік «Алатау Жарық компаниясы» АҚ және сауда нарығын жалға алу және пайдалану қызметімен айналысатын «Достар-КОММЕРЦ» ЖШС. Соңғысын бенефицарлары Тимур Құлыбаев, Алтай Асқар («Меркурий» арқылы) және Яков Цхай (Достар-Инвест Компани» ЖШС арқылы).

Айта кетейік, 2024 жылдың жазында «Достар-КОММЕРЦ» серіктестігі Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасымен азаматтық іс жүргізу аясында соттасқан. Маусым айында бірінші сатыдағы сот жалпы ауданы 1,2 мың шаршы метрден асатын базар аумағындағы 200-ден астам нысанды бөлу туралы шешім қабылдаған. Сот бұл нысандарды жобалау-сметалық құжаты толық емес, жобалық-техникалық қадағалау болмаған және жобаға сараптамалық қорытынды жасалмастан рұқсатсыз салынған деп шешім шығарды. Өткен қыркүйекте компанияның шағымы қанағаттандырылмаған.

Базар иелерінің құрылыс саласына қатысты әкімшілік істері де бар. Өткен жылы жазда тағы да Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы іс қозғап, жобалық-сметалық құжаттамасыз балық цехын қайта жөндеуден өткізгені үшін айыпты деп таныған. Нәтижесінде сот кәсіпорынға 2 миллион теңге айыппұл салып, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бекітілгенге дейін цехтағы жұмысты тоқтату туралы шешім шығарған. Мұндай бзаңға сай емес әрекеті үшін компанияға 2023 жылдың қаңтарында 612 мың теңге көлемінде айыппұл салынған болатын.

2015 жылдан бері «Достар-КОММЕРЦ» компаниясы» ЖШС 2,7 млрд теңгеге жуық салық төлеген. Осы кезеңде «Mercury» компаниясы жылжымайтын мүлік салығы үшін 2,4 млрд теңге төлеген. Естеріңізге сала кетейік, бұл компанияның «Көк базардан» басқа басқаруында немесе иелігінде тағы 50-ге жуық негізгі нысаны бар.

Shishkin_like Telegram арнасынан аударылды

Фото: Vox Populi

Байланысты жаналықтар

Тимур мен Динара Құлыбаевтар «Altyn Bank»-ті сатып алды

10.06.2024

Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

04.06.2024

Назарбаевтың туыстары тағы да байып кетті

11.05.2023

Тимур Құлыбаев қызметінен кетті

17.01.2022

Daily Mail: Тимур Құлыбаев Ұлыбританияда ультразаманауи үй салып алды

02.06.2021

Бозымбаев салмайды, Ноғаев пен Ерғалиев жоспарлайды

01.06.2021
MalimBlocks
Тимур мен Динара Құлыбаевтар «Altyn Bank»-ті сатып алды

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлім етті.

Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

Бұл компания шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қойған.

Назарбаевтың туыстары тағы да байып кетті

Forbes әдеттегідей Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімдерін ұсынды.

Тимур Құлыбаев қызметінен кетті

Daily Mail: Тимур Құлыбаев Ұлыбританияда ультразаманауи үй салып алды

Бозымбаев салмайды, Ноғаев пен Ерғалиев жоспарлайды