«Көктем мен күзде қозады»: Мешітте пышақпен полицейлерге қарсыласқан жігіт кім?

Арман Қайыпхан

  • 20.09.2024

Астанада шапан мен тақия киіп, пышақ ұстап, мешітте 20 шақты полицейге қарсыласқан азаматтың туыстары көмек сұрайды, деп хабарлайды Malim.kz «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.

Айтуларынша, шизофрения диагнозы қойылған 36 жастағы Таубажан Уатхан ауырған кезде осындай кейіпте жүреді. Алайда адамдарға зиянын тигізбейді екен.

Ауру адамға жабылған полицейлердің әрекетіне наразы болған туыстары оны уақытша ұстау изоляторынан шығарып, ауруханаға жатқызуын сұрайды. Анасы, жұбайы мен інісі Таубажан Уатханның бұл ауруға қашан, қалай шалдыққанын және оқиғаның анық-қанығын түсіндіріп берді.

Айта кетсек, Таубажан Уатхан – Моңғолияның Қобда қаласында туған. Оның отбасы Теміртау қаласына 1992 жылы көшіп келген. Екі баланың әкесіне F20 параноялық шизофрения диагнозы қойылған. Ал 2024 жылы 2-топ мүгедектігі бар анықтама берілген.

Екі ұлым бар. Соның бірі – Таубажан. Ол 2006 жылдан бері, 18 жасынан бастап тіркеуде тұрады. Ауырған кезінде шапаны мен тақиясын киіп алып, көп сөйлейді. Артық сөздер айтып, поэзияны көп оқып, әртүрлі фото жібереді. Сосын кейде тамақ ішпей, арықтай бастайды. Біз бірден түсініп, мұндай кезде полиция шақырамыз. Ал ол соны біліп, қорыққанынан пышақ ұстайды. Жалпы ауруы қозғанда пышақты орап-орап, қалтасына салып жүреді. Бірақ ешкімге зияны жоқ. Полициядан қорқады. Апарып жатқызғанда ұра ма, білмеймін. Балам ауруханадан шығып, сауыққан кезінде шапанын кимей қалады. Ауру көктем мен күзде қозады, – деді анасы Аққайша Алхай.

Таубажан зайыбы Гүлжайна Исханмен 6 жыл бұрын шаңырақ көтерген. Олардың екі қызы бар.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.