«Көзіме шөп салғаның үшін кешірім сұрамадың да»: Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жарияланды

Прокурор сотта Салтанат Нүкенованың 2023 жылы 10 қазанда Қуандық Бишімбаевқа уатсап арқылы жазған хабарын оқыды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Malim Админ

  • 04.04.2024

Қуандық, мен Павлодарға кетіп барам. Енді келмеймін. Бұл күндері мен арамызда еш сезім жоқтығына көзім жетті. Ештеңені сақтап қалғым келмейді. Сен тіпті көзіме шөп салғаның үшін кешірім сұраған да жоқсың. Оның үшін ештеңе істегің де келмеді. Бәріне мені кінәлап, психотерапевтке бар деп қоймадың. Соқырлығың сонша, оныңды көтере алар емеспін. Кешір мені, ұмыт, босат. Бәрін шештім. Ата-анаммен болам, олар маған қарайды, – деп жазған Салтанат.

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.



Фотоколлаж: Sarbaz.kz

Байланысты жаналықтар

Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

16.11.2024

«Болашақпен» оқығандар елге оралмаса бола ма?

14.11.2024

Қаңтар оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей сотталды

13.11.2024

Бишімбаев балаларының тегін өзгеруіне келісім берді

12.11.2024

Алматыда полицейді пышақтаған адам ұсталды

12.11.2024

Алданып несие алғандарға көмек көрсетіледі

12.11.2024
MalimBlocks
Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

Оған қатысты тергеу жүріп жатыр

«Болашақпен» оқығандар елге оралмаса бола ма?

«Болашақ» иегерлері қазақстандық гранттарды Қазақстанда емес, шетелде игеруге рұқсат етілуі мүмкін

Қаңтар оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей сотталды

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді

Бишімбаев балаларының тегін өзгеруіне келісім берді

Алматыда полицейді пышақтаған адам ұсталды

Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады

Алданып несие алғандарға көмек көрсетіледі

Алаяқтардың ықпалымен жәбірленушілер банктік және микроқаржылық несиені өздері рәсімдейді