Марқұм ағасына арнап өлең оқыған оқушы қыз көпшілікті жылатты

Видео 1,6 миллион қаралым жинаған.

Сабина Асқарқызы

  • 29.05.2024

Әлеуметтік желіде өмірден өткен ағасына арнап өлең оқыған оқушы қыз көпшілікті жылатты, деп хабарлайды Malim.kz.

TikTok-та таралған видеода соңғы қоңырауда оқушы қыздың марқұм ағасына арнап өлең оқығанын көруге болады.

Достарыңның армандары әрі асып,
Жүруші еді ағатайым жарасып.
Дәулет ағам көктен қарап тұр бүгін,
Аруағы күн нұрымен таласып.
Қайран ағам, марқаюшы ем өзіңмен,
Үлгі алушы ел өзіңнен, сөзіңнен.
Бір бойында сан өнері тоғысып,
Жаралайды табанымның түбінен.
Мезгіл жетпей жырақтадың тосыннан,
Ауыр тиді жырақтауың тосыннан.
Дәулет аға, жарық болсын тұрағың,
Шырақ болсын имандары қосылған!
Ағажан, жүріп келем ізіңменен,
Саған ұқсап білімді тізгіндегем.
Ала алмаған асуыңа егер шықсам,
Жеңісімді арнайын өзіңе мен, - делінген қыздың ағасына арнауында.

Видео 1,6 миллион қаралым жинап, көпшілік кішкентай қыздың өлеңінен көздеріне жас үйірілгенін жазып жатыр.

«Ағасы бір аунап түскен шығар», «Жаным, дауысы дірілтеп тұр», «Көзге еріксіз жас келді», «Сағынышқа толы көз жасы ғой», «Танымасам да көзіме жас келді», «Ұйқыдан тұра салып еңіреп жылап алдым», - деп жазды оқырмандар.

Фото: Видеодан скрин

@aqsholpan74

Алтынай жиеннің марқұм болған ағасына арнауы...

♬ оригинальный звук - Ақшолпан

 

Байланысты жаналықтар

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025
MalimBlocks
Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады