Мәсімовтің үйіндегі қымбат заттар аукцион арқылы сатылуы мүмкін

Астанадағы бұрынғы ҰҚК төрағасы әрі экс-премьер-министр Кәрім Мәсімовтің сотталғаннан кейін мемлекет меншігіне өткен зәулім үйі әлеуметтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Бұл туралы қайтарылған активтерді басқару компаниясының басшысы Қуанышбек Мұқаш айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Мұқаштың айтуынша, Нұра ауданында орналасқан, аумағы шамамен 2000 шаршы метр болатын үй қазір компания балансында тұр.
"Астананың әкімдігі бұл нысанды әлеуметтік мақсатта пайдалану үшін алғысы келетінін айтты. Бірақ әзірге нақты шешім қабылданып, ниеттерін растаған жоқ", – деді ол.
Журналистер үй ішіндегі бағалы заттардың тағдыры туралы да сұрады. Мұқаштың айтуынша, олар жеке бағаланғандықтан, бөлек активтер пулына жатады.
Фото: e-qazyna.kz

Самое читаемое
