Министр: Су тасқынына сақадай саймыз

Malim Админ

  • 13.02.2025

  Қазақстан Республикасының ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен су тасқынына қарсы іс-шаралар мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте сөз сөйледі, деп хабарлайды malim.kz.

Ведомство басшысы өз сөзінде су басу қаупін азайту мақсатында қабылданып жатқан шаралар мен су тасқыны маусымына дайындық туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

  Шыңғыс Әрінов өткен жылғы  су тасқынынан кейін жасалған қорытынды негізінде алдын алу жүйесі айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.

Биыл су тасқыны қаупі бар аймақта 1 223 елді мекен бар. Оларды қорғау үшін 576 шақырым қорғаныш бөгендері мен біліктері тұрғызылды. 822 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп, салынды. Автомобиль мен темір жол қатынастарында 960 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды, сондай-ақ қауіпті учаскелердегі өзен жағалаулары нығайтылып, арналары тереңдетілді.

  «Барлық өңірлерде алдын алу іс-шаралары толық аяқталған жоқ, бұл жекелеген елді мекендерге айтарлықтай қауіп төндіреді. Аталмыш жағдай Үкімет аппаратымен бірлескен тексерулер барысында анықталды. Жалпы су тасқынына қарсы іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті жүзеге асырады. Тіпті әкімдерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға дейін тиісті шаралар қабылдайтын болады», - деп министр атап өтті.

  Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оның барысында бөгендерді нығайту, инертті материалдарды дайындау шаралары, сондай-ақ халықты хабардар ету және эвакуациялау механизмдері тексерілді. Оқу-жаттығу Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде өтті, осыған ұқсас іс-шаралар наурыз айында басқа облыстарда жоспарланған. Сонымен қатар мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен су тасқынын жою бойынша іс-қимыл алгоритмі пысықталды.

  Су тасқынына жедел ден қою үшін 37 мыңнан астам адам, 13 мыңнан астам техника күштер мен құралдар топтамасы құрылды. Зардап шеккендерді қабылдау үшін 3,5 мыңнан астам пункт дайындалды. Дайындық режимінде нақты уақыт режимінде ақпаратты үйлестіру мен беруді қамтамасыз ететін құтқару авиациясы мен жедел топтар бар.

  Қазгидрометтің мәліметінше еліміздің тоғыз облысында су басу қаупі жоғары болады деп болжануда. Осыған байланысты әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға қарды уақтылы шығару, мұз кептелістерін болдырмау үшін өзендерде жару жұмыстарын жүргізу және бөгендер мен су қорғау объектілерін нығайту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

  Барлық күштер мен құралдар дайын, қауіп төнген жағдайда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мен халықты эвакуациялау үшін жедел жұмылдырылатын болады деп ТЖМ басшысы мәлімдеді.

  Төтенше жағдайлар министрлігі тасқын қауіпті кезеңде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

15.04.2025

Ақмола облысында елді мекендерге баратын жол су тасқынына байланысты жабылды

04.04.2025

Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды

03.04.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

27.03.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев Үкіметтегі брифингте су тасқынының келесі кезеңі қай облыстарда күтілетінін айтты

Ақмола облысында елді мекендерге баратын жол су тасқынына байланысты жабылды

Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды

ҚМА мән-жайды айтты.

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды