«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы. Тиімділігі қандай

Қатысушыларды дүрліктірмеу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі барынша ұзартылды.

Malim Админ

  • 26.04.2024

«Наурыз» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар арасында 24 пен 35 жас аралығындағы жас қазақстандықтар көш бастап тұр, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 25 сәуір күні Баспана маркет (otbasybank.kz) платформасына алғашқылардың бірі болып астаналық әскери азамат өтінім жолдағанын айтты. Ол үш жылдан бері Отбасы банкіндегі депозитіне тұрғын үй төлемдерін жинақтап келеді. Қазір отбасымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып жатыр екен.

Астана тұрғын үй сатып алу үшін ең көп таңдалған Алматы, Шымкент, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстары сияқты топ бес қала мен аймақ қатарына кірді.

Баспана маркет платформасы (otbasybank.kz) сағатына орта есеппен 400 өтінімді қабылдап, өңдеген. «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша қазақстандықтар бас-аяғы 3 347 өтінім жолдады. Тұрғын үйі барлар мен депозитін қажетті сомаға, 1 млн теңге толтырмағандардың өтінімдері кері қайтарылды. 1 124 өтінім сәтті қабылданды, олардың жартысы тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен келіп түсті. Қатысушыларды дүрліктірмеу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі барынша ұзартылды. Ол 25 сәуірден 30 маусымға дейін, екі ай бойы жалғасады. Сондай-ақ өтінім беру күні мен уақыты ұпай санағанда ескерілмейтін болады, - делінген хабарламада.

Сондықтан банк салымшылары асықпай өз депозиттерін толықтырып, қажет болған жағдайда оны туыстарының депозиттерімен біріктіріп, бағдарламаның шарттарымен мұқият танысып, содан кейін ғана өтінім беруге кірісе алады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін саралау басталады.

Бағдарламаға қатысушылар тізіміне ең көп ұпай жинаған үміткерлер кіретін болады.

Ұпайлар қалай есептеледі?

- салым бойынша сыйақы мөлшері - әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;

- тіркелген некенің болуы - 5 ұпай;

- балалардың болуы - 10 ұпай (балалар санына қарамастан);

- халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) мәртебесінің болуы - 10 ұпай;

- 35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай;

Егер екі қатысушының ұпайлар саны сәйкес келсе, онда тізімге енгізу кезінде басымдық салым сомасы көп және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамға беріледі.

Саралаудан кейін клиенттер банк сайтында «Наурыз» бағдарламасына өткен үміткерлер тізімін көре алады. Сондай-ақ олардың несие алуға тағы екі ай уақыты болады.

Отбасы банк осы уақыт аралығында, бар болған жағдайда, тұтынушылық несиелерді өтеуге кеңес береді, есесіне содан кейін қарызды мақұлдау мүмкіндігі көбірек болады.

Төлем қабілеттілігін есептеу кезінде соңғы 6 айдағы ресми табыс қана емес, сонымен қатар отбасына жұмсалатын міндетті шығындар, сондай-ақ несиелер бойынша төлемдер де ескеріледі.

Фото: Depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Зейнетақы қорынан тіс емдеуге тыйым салынады

25.07.2024

Екібастұзда бір үйдің үш баласы өртеніп кете жаздады

23.07.2024

Алматыда 5 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталады

22.07.2024

Ақтөбе облысында үй өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды

21.07.2024

Халыққа берілетін тұтынушылық несиенің шекті сомасы жарияланды

18.07.2024

Су тасқыны: Бектенов үй сапасы үшін әкімдер жеке жауап беретінін ескертті

17.07.2024
MalimBlocks
Зейнетақы қорынан тіс емдеуге тыйым салынады

Бұл шектеу 10 тамыздан бастап алты айға созылмақ.

Екібастұзда бір үйдің үш баласы өртеніп кете жаздады

Қатты түтін сағат 01.00 шамасында басталды.

Алматыда 5 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталады

Құжат қабылдау 29 шілде мен 7 тамыз аралығында өтеді

Ақтөбе облысында үй өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды

Арасында 12 бала бар

Халыққа берілетін тұтынушылық несиенің шекті сомасы жарияланды

"Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, банкте және микроқаржы ұйымында алынатын кредиттің нақты сомасы көрсетілген.

Су тасқыны: Бектенов үй сапасы үшін әкімдер жеке жауап беретінін ескертті

Бүгінгі таңда 2 578 үй құрылысы мен 6 мың жылжымайтын мүлік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.