Отарда комаға түскен сарбаз ауруханадан шықты

Арман Қайыпхан

  • 09.08.2024

Отардағы  19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпатта ауруханадан шықты. Ол бірнеше ай бойы ауыр жағдайда жатқан еді, деп хабарлайды Malim.kz Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Қуанышты жаңалықты мәжіліс депутаты Константин Авершин хабарлады.

Айта кетейік, 2024 жылдың 9 маусымында Гвардей гарнизонының мерзімді әскери қызметшісі Жамбыл облысы, Қордай ауылындағы орталық аудандық ауруханаға шұғыл түрде жеткізілген болатын. 24 маусымда сарбаз комадан шықты, бұл туралы оның әкесі хабарлады. Ол қазақстандықтарға және медициналық қызметкерлерге көрсеткен қолдаулары мен көмектері үшін алғысын білдірді.

Авершиннің айтуынша, Қорғаныс министрлігінің әскери госпиталь дәрігерлері жігітті аяққа тұрғызу үшін көп жұмыс атқарған.

«Үлкен жеңіс пен қуанышты жаңалық! Бүгін Нұржігіт Әбділпатты шығарып саламыз. Біз бұл сарбаздың денсаулығы үшін дұға еттік! Бұл бәріміз үшін, ең алдымен ата-аналары үшін үлкен қуаныш! Бұл жеңісте Қорғаныс министрлігінің әскери госпиталь дәрігерлерінің еңбегі ерекше. Сондай-ақ, «Дәрігер» РҚҰ басшысына алғысымыз шексіз. Оның таланты мен кәсібилігі адамдардың өмірін талай рет сақтап қалды», - деді мәжіліс депутаты.

Нұржігіттің анасы және өзі де жігіттің сауығуына атсалысқан барлық адамдарға алғыстарын білдірді.

«Ұлымның қазіргі жағдайы өте жақсы. Біз қуаныштымыз және ұлымызды емдеу мен қалпына келтіруге қатысқан барлық дәрігерлерге алғыс айтамыз. Шынымды айтсам, оның сауығып кететініне үмітіміз болмады. Біз шексіз қуаныштымыз», - деп алғыс білдірді Жанна Жаналинова.

Нұржігіт те дәрігерлер мен отбасын қолдаған қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Фото: Видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Петропавлда үстеріне төбе сылағы түскен оқушылардың жағдайы қанағаттанарлық

05.12.2024

Аягөзде сарбаз көпшіліктің алдында есінен танып қалған

03.12.2024

Ақтөбе облысында сарбаз өз-өзіне қол салды

24.11.2024

Сарбазды ұрып өлтірген лейтенант 7 жылға сотталды

30.10.2024

Астанадағы балалар ауруханасындағы лас төсектің суреті жарияланды

27.10.2024

Ербаян Мұхтардың туыстары оны Түркияда емдететін болды

26.09.2024
MalimBlocks
Петропавлда үстеріне төбе сылағы түскен оқушылардың жағдайы қанағаттанарлық

Аягөзде сарбаз көпшіліктің алдында есінен танып қалған

Аягөз гарнизоны оқиғаның әскери ант қабылдау кезінде болғанын растады

Ақтөбе облысында сарбаз өз-өзіне қол салды

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған

Сарбазды ұрып өлтірген лейтенант 7 жылға сотталды

Әскери госпитальге түскен жауынгер он күннен соң көз жұмды

Астанадағы балалар ауруханасындағы лас төсектің суреті жарияланды

Төсекпен бірге сантехника да ескірген

Ербаян Мұхтардың туыстары оны Түркияда емдететін болды