Петропавлда Есіл өзені тасып, «Новосібір-Челябі» тас жолын су басты

Тасқын су Петропавлға жетті.

Malim Админ

  • 12.04.2024

Петропавлда Есіл өзені арнасынан шығып, Заречный кенті жанынан өтетін халықаралық маңызы бар «Новосібір-Челябі» тас жолын су басты, деп хабарлайды Malim.kz.

Тасқын су Петропавлға жетті.

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, өткен бір тәулікте Есіл өзені қала маңында 144 см-ге көтерілген. Осылайша қауіпті деңгей – 960 см-ден асып, таңғы сағат 8.00-дегі мәлімет бойынша 1038 см-ге жетті.

Қазір Есіл өзенінің тасуына байланысты, «Челябі-Новосібір» М-51 автожолының 528 км жолдың үстінен су кетті. Ал өзен суының деңгейі 1050 см-ге жеткен жағдайда, Заречный кентіндегі саяжай қоғамдастығының төменде орналасқан учаскелерін су басуы мүмкін.

Сергеевка, Покровка елді мекені маңында топан судың беті қайтып, түсе бастады. Өткен тәулікте Сергеевкада 15 см-ге, Покровкада 36 см-ге төмендеді.

Новоникольское елді мекені маңында Есіл өзені әлі де көтеріліп жатыр, бір тәулікте 41 см-ге көбейген. Долматово елді мекенінде 135 см-ге көтерілді.

Сергеев су қоймасындағы жағдай өзгеріссіз, қазіргі уақытта ол 176 % толған.

Ал шағын өзендер деңгейі түсіп жатыр.

Фото: 7152.kz

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

02.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025

СҚО-да ер адам отбасылық құпияны жариялағаны үшін сотталды

26.04.2025

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

СҚО-да ер адам отбасылық құпияны жариялағаны үшін сотталды

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр