«Полиция қызметкерлері қызметтік көлікпен басып өлтірді». Атырау тұрғыны үндеу жасады

Атыраулық келіншек ұлының өліміне кінәлі полицейлердің жазаланғанын талап етіп отыр.

Сабина Асқарқызы

  • 29.05.2024

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының тұрғыны Жанаргүл Шүренбай әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялады. Онда мотоцикл тізгінінде болған 17 жастағы ұлын полиция қызметкерлері қызметтік көлікпен қуып, басып өлтірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысының тұрғыны ұлының өліміне полицейлерді кінәлайды.

Марқұмның туыстары құқық қорғаушылар жазадан сытылып кете ме деп қауіптенеді.

Ұлым Кемелбай Мереке азамат болғанда полиция қызметкерлері заңсыз қуып мотоциклден құлатып, одан әрі басынан басып өлтіріп отыр. Менің ұлым қылмыскер емес. Жасы не болғаны 17-де еді. Ол баланы қуатындай қандай себеп болды соншама. Ұлымның өліміне қатысты екі полицейдің жазадан құтылып кетпеуіне қолдау сұраймын, - дейді Жанаргүл Шүренбай.

«Астана» телеарнасының мәліметінше, оқиға 25 сәуір күні түс кезінде болған.

Мотоцикл тізгініндегі жасөспірім оқиға орнында қаза табады. Оның қасындағы жолаушы дін аман. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Патрулдік көлікті басқарған полиция қызметкері жұмыстан қуылыпты. 

Сотқа дейінгі тергеу амалдарын Өзіндік қауіпсіздік басқармасы жүргізуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Жол көлік оқиғасына қатысқан екі полиция қызмектерінің көлік жүргізген қызметкері қызметтік теріс себептермен жұмыстан босатылды. Екінші, оның жанындағы қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды