Қазақстан әскері дабыл бойынша көтерілді

Қарулы күштердегі осы іс-шаралардан дәстүрлі түрде жазғы оқу кезеңі басталады.

Арман Қайыпхан

  • 06.06.2024

6 маусымда Қарулы күштердің барлық түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, құрамалардың, әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамы жауынгерлік дайындық сабақтарын өткізу шеңберінде дабылмен көтерілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарулы күштердегі осы іс-шаралардан дәстүрлі түрде жазғы оқу кезеңі басталады. Ол 1 маусымда басталып, 2024 жылдың 31 қазанында аяқталады.

Тұрақты орналасу пункттерінде, полигондарда, әуеайлақтарында, бастапқы позицияларда және теңізде жүктелген жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындық мәселелері және әрбір әскери қызметшінің іс-қимыл тәртібі іс жүзінде пысықталады.

Техниканың шығуымен және белгіленген орындарда басқару пунктерін өрістетумен жаттығулар мен сабақтар өткізіледі.

Әскерлердің ықтимал қауіптерге ден қою қабілеті, құрамалар мен әскери бөлімдердің арасындағы түраралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру деңгейі тексеріледі.

Өткізілетін іс-шаралар әскери басқару органдары жұмысының үйлесімділігін арттыруға, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жеке құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Байланысты жаналықтар

Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

09.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025

Астанадағы парадқа кімдер шақырылды

05.05.2025

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

02.05.2025

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

30.04.2025
MalimBlocks
Мәскеудегі шеруде Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздары сап түзеді

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Қазақстанда қанша генерал бар?

Астанадағы парадқа кімдер шақырылды

Трамп АҚШ-тың әскери бюджетін 1 триллион долларға дейін арттырмақ

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды