Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қазақ тілін үйренуді бастады

Станислав Черчесов ұлттық құрамада Магомед Адиевтің орнына келген болатын

Арман Қайыпхан

  • 28.06.2024

Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуге ден қойыпты, деп хабарлайды Malim.kz massaget сайтына сілтеме жасап.

Жақында ғана қызметіне кірісіп, тілшілерге арнап брифинг өткізген Қазақстан құрамасының бас бапкері қазақша сұрақ қойған тілшінің сауалына шамданған еді. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, сынға ұшырады.

Бүгін жеке әдістемесі бойынша қазақ тілін оқытатын маман Қанат Тасыбеков ресейлік жаттықтырушының қазақ тілін үйренуге келгені жайлы жазды.

Ситуативный казахский әдістемем бойынша бірінші сабақты өткіздік. Тілдерге деген қабылеті бар екен Станислав мырзада (неміс тілін өз бетімше оқып үйрендім деді мысалы), ал ең бастысы, қазақ тілді үйренуге ынтасы, ниеті бар адам екен. Олай болса, тәуекел, біз бастадық, сәттілік тілеп қойсаңыздар болады бізге, - деп жазды Қанат Тасыбеков.

Айта кетейік, Станислав Черчесов ұлттық құрамада Магомед Адиевтің орнына келген болатын.

Фото: facebook.com/kanat.tassibekov

Байланысты жаналықтар

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Әли Әлиев тағайындалды

21.05.2025

Әлемдегі ең үздік футболшы аталды

21.05.2025

Азия чемпионаты: Қазақстандық 11 боксшы алтынға таласады

20.05.2025

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025
MalimBlocks