Қазақстан Ресейдің ықтимал шабуылына дайындалып жатыр деген ақпарат тарады

Сұлу Бөлек

  • 25.04.2025

Бірқатар шетелдік БАҚ-та Астана Ресеймен шекарада аумақтық қорғаныс бригадаларының ірі тобын орналастыратыны туралы ақпарат жарияланды. Онда Қазақстан Ресеймен жанжал туындаған жағдайына дайындық шараларын қабылдап жатыр деп жазылған. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты пікір берді.

"Бірқатар шетелдік БАҚ-та "Аумақтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына қатысты жарияланымдарға байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі фактілердің бұрмалануы мен жөн-жосықсыз түсіндірулерді болдырмау үшін ресми түсініктеме беруді қажет деп санайды.Бұл заң жобасы тек елдің ішкі қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған және Ресейге қарсы бағытты қамтымайды."Аумақтық қорғаныс туралы" заң жобасы Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғырту шеңберінде әзірленді. Оның мақсаты – ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықты, инфрақұрылым нысандарын және әскери немесе өзге де төтенше жағдайлар кезінде аумақтық тұтастықты қорғау. Аумақтық қорғаныс бригадаларын орналастыру сыртқы қауіптерге жауап ретінде емес, өңірлердің логистикалық, географиялық және демографиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады", – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, ведомствоның хабарлауынша, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне қатысуы көзделмеген. Заңның қабылдануы кез келген елге қарсы емес және белгілі бір бағыттағы қауіптің көрінісі ретінде қабылданбауы керек.

"Ресей – ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тату көршілік және одақтастық қатынастарды қолдайтын Қазақстанның стратегиялық серіктесі. Осылайша, Қазақстан Республикасының "Аумақтық қорғаныс туралы" заң жобасының Ресейге қарсы бағыттылығы туралы мәлімдеме шындыққа жанаспайды, әрі болып жатқан процестердің мәнін бұрмалайды. Азаматтар мен БАҚ-тан БАҚ-та және әлеуметтік желілерде пайда болатын түрлі қауесеттерге назар аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

Фото: Pixabay.com 

Байланысты жаналықтар

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025
MalimBlocks
Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады