Қазақстанда бір жылда 702 мың рет уағыз айтылды

Арман Қайыпхан

  • 05.01.2025

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылды қорытындылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Былтыр Қазақстанның мешіттерінде бас-аяғы 702 087 рет уағыз-насихат айтылған. Бұл туралы МДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров мәлім етті.

Оның айтуынша, әр жұма сайын, яғни, жылына 52 рет елдегі мешіттерде 117 739 рет жұма уағызы айтылған. Оны 1 803 053 адам тыңдаған екен. 

Бұдан бөлек, ел мешіттерінде 282 504 бесін уағызы, 301 844 кешкі уағыз айтылған. Осының бәрін қосқанда былтыр Мүфтият қызметкерлері халыққа 702 мың рет уағыз айтқан. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген 30 қазақ тілді және 12 орыс тілді Республикалық ақпараттық-насихат топ мүшелері өңірлерде жоспарға сай 335 кездесу өткізіп, оған 156 309 адам қатысты. Одан бөлек жоспардан тыс 61 кездесу өткізіп, оған 55 642 адам қамтылды. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстаздарының қатысуымен 105 бейнеуағыз әзірленіп, әлеуметтік желілерге жарияланды. Бүгінгі таңда оның жалпы қаралымы 2 миллионнан асты, дейді Батыржан Мансұров.

Фото: muftyat.kz

Байланысты жаналықтар

Адамдардың өсекке араласып кететіні жанға батады - Айдар Тұрғамбек

18.03.2025

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

13.03.2025

Әкесінің қырқын, жылын беруден бас тартқан: имам не дейді?

07.03.2025

«Төрт әйелі мен зәулім сарай иесі»: Имамға жала жапқан таксиші жазаланды

07.02.2025

Танымал блогер ішіп алып, Құран аяттарынан рэп оқыған

29.01.2025

Тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына бола ма? ҚМДБ пәтуа шығарды

27.01.2025
MalimBlocks
Адамдардың өсекке араласып кететіні жанға батады - Айдар Тұрғамбек

Өнер иесі сынға қалған діни ұстазға араша түсті

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс

Әкесінің қырқын, жылын беруден бас тартқан: имам не дейді?

Жақындарын да түрлі рәсімдерді өткізуден бас тартуға шақырған

«Төрт әйелі мен зәулім сарай иесі»: Имамға жала жапқан таксиші жазаланды

Ол 707 760 теңге айыппұл төлейтін болды

Танымал блогер ішіп алып, Құран аяттарынан рэп оқыған

Желі қолданушылары блогерлерді жазалауды талап еткен

Тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына бола ма? ҚМДБ пәтуа шығарды

Діни басқарманың дерегінше, шариғатта әрбір адам өз тегімен аталуы тиіс