Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда қанша мұнай қоры қалғаны белгілі болды

Қоғам
Қазақстанда қанша мұнай қоры қалғаны белгілі болды

Қазір елімізде 4 млрд 400 млн тоннаға тең мұнай қоры бар. Оның ішінде өңдеуге жататын С1 мұнай санатының қоры – 2 млрд 900 млн тонна. Бұл қазіргі жер қойнауын пайдаланушылардың қоры. Одан бөлек, барлау жүргізіліп жатқан мұнай кен орындары мен учаскелер бар. Оның көлемі әлі есептелмеген, яғни мұнай таусылып қалады деген әңгіме жоқ. Отандық мұнайдың болжамды қоры 78 млрд тоннаны құрайды, - деді Ерлан Ақбаров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Геология комитеті төрағасының мәлімдеуінше, 2022 жылы отандық мұнай саласында «Еуразия» жобасы іске қосылды.

Жоба аясында Каспий жанындағы шөгінді бассейіннің төменгі қабаты зерттеліп жатыр. Оған мемлекет ақша бөліп, ауқымды жұмыс атқарылуда. Каспий теңізінің қабатында шөгінді жыныстар 25 шақырымға дейін жетеді. Ғылыми тұрғыдан жасалған болжау жұмыстары қордың шамамен 1 трлн тоннаға дейін жететінін көрсетті, - дейді ол.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу