457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда соңғы үш жылда 600-ге жуық газет жабылды

Қазақстанда соңғы үш жыл ішінде 591 газет жұмысын тоқтатты. Бұған баспасөз құралдарының интернет-басылымдармен бәсекеге төтеп бере алмауы себеп болды, деп хабарлайды Malim.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Редакция жолдаған ресми сауалға жауап берген ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда да, әлемде де бұқаралық ақпарат құралдарының басым бөлігі онлайн форматқа көшіп жатыр. Ал баспа басылымдары бірінен соң бірі жабылып, бұл үдеріс қарқын алуда.

«Интернеттің кеңінен дамуына байланысты, уәкілетті органда тіркелген желілік басылымдардың саны күрт өсіп келеді. Осы себепті мерзімді баспа басылымдарының бәсекеге қабілеттілігі, өкінішке қарай, төмендеуде», — деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдыков.

Оның айтуынша, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша үш жыл ішінде жабылған 591 газеттің негізгі жабылу себебі — меншік иесінің шешімі және қаржылық қиындықтар.

Сала сарапшылары бұл тенденция алдағы уақытта да жалғасатынын айтып отыр.

Фото: rgdb.ru