Қазақстанда ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан қанша ардагер бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар? Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері айтты

Сұлу Бөлек

  • 16.04.2025

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар? Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда 83 048 ардагер тұрады, оның 111 ардагері Ұлы Отан соғысына қатысқан. 

Бұдан басқа: 

  • - жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 796 ардагер,
  • - басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының 26 553 ардагері,
  • - 39 588 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері.

2025 жылы бұл санаттардағы азаматтарға 4,3 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленген. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.

Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санатына өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан мынадай мөлшерде төленеді:

1) ҰОС ардагерлеріне 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);

2) жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:

  •  - ҰОС кезеңінде жарақат алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға 7,55 АЕК (2025 жылы – 29 687 теңге);
  • - жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);

3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:

  • - Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
  • - Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге 4,8 АЕК (2025 жылы – 18 874 теңге);

4) ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

17.04.2025

Израиль Газаға оқ жаудырып, 10 адам қаза тапты

17.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

16.04.2025

Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

15.04.2025

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адамды кінәлады

15.04.2025
MalimBlocks
Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

Израиль Газаға оқ жаудырып, 10 адам қаза тапты

Қаза тапқандар мен жараланғандар Хан-Юнустағы Насир ауруханасына жеткізілді

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

1 сәуірде желіде Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 660-тан аса қазақстандықтың аты-жөні бар тізім пайда болды. ҚР ІІМ бұл ақпарат расталмағанын айтып, тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша ашық деректерді зерттеген

Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адамды кінәлады

Ол бұған Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден және Украина президенті Владимир Зеленский кінәлі деп айыптады