Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 524 жеке тұрғын үй, 502 аула аумағы су астында қалуда.

Malim Админ

  • 11.04.2024

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге  эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ ресми сайтының жазуынша, аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде  мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ақмола облысының Қорғалжың, Атбасар, Бұланды,  Сандықтау және Целиноград аудандарында Нұра, Жабай, Есіл, Жыланды, Қайрақты өзендерінде  мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Зардап шеккен өңірлерге 170 635 кг гуманитарлық көмек жеткізілді.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 524 жеке тұрғын үй, 502 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 8,8 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,4 млн. қапшық және 1,1 млн. тонна инертті материал төселді. 2 750 тұрғын үй мен 1 899 аула аумағынан су бұрылды.

Су тасқыны басталғалы бері 97 852 адам, оның ішінде 32  856 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 2 823  адам, оның ішінде 865  бала құтқарылды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 173 адам, оның ішінде 3 494 бала орналастырылды. 88 561 мың ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 1 294 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде.

Су жүрген 107 автожол, су шайған 112 автожол, оның ішінде 9 көпір және 103 жол төсемі бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 68 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Ақмола облысында Қосшы, Жарқайың, Есіл, Целиноград, Шортанды, Ақкөл, Астарахан, Атбасар және Біржан сал аудандарындағы су басқан аумақтардан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Қардың тез еруі және Жабай, Қалқұтан, Боқсық, Жолболды өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Сандықтау ауданының Максимовка ауылында, Атбасар ауданының Покровка ауылында, Жарқайың ауданының Державинск қаласында,  Пригородное, Костычево   ауылдарында, Астрахан ауданының Ескi Қалқұтан ауылында, Бұланды ауданының Журавлевка және Ивановка ауылдарында 100 аула аумағы мен 68 жеке тұрғын үй су астында қалды, 80 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды,74 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. Бұланды ауданының Ивановка ауылында адамдар эвавкуациялануда. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл, Есіл, Қызылжар, Жамбыл және Шал ақын аудандарындағы су басқан аумақтардан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Қардың тез еруі және еріген қар суының келуіне байланысты Тимирязев ауданының Степное ауылында 2 жеке тұрғын үй мен 4 аула аумағы су астында қалды.14 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды, туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Шығыс Қазақстан облысында Алтай ауданының Соловьево ауылында жауын-шашынның көп түсуіне және Березовка өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты 2 жеке тұрғын үй мен 24 аула аумағы су астында қалды. 31 адам эвакуациялау пунктіне эвакуацияланды. Суды бұру жұмыстары жүргізілуде.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 24 225 адам,  2 881 бірлік техника, 482 су сору және 122 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

02.04.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.04.2025

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

01.04.2025

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

01.04.2025

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

31.03.2025

Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам - Руслан Желдібай

30.03.2025
MalimBlocks
Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

Таиландта Қазақстан азаматтары мінген катерде жарылыс болды

Су көлігінде 31 турист болған.

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан мен Словения президенттерінің келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды

Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам - Руслан Желдібай

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қазақстан мен Өзбекстан кездесуі туралы айтты