Қазақстандықтарды баспана кезегінен не үшін шығарып жатыр

Ал биыл мамыр айынан бастап 17 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен алынып тасталған. 

Берік Дәулетов

  • 29.07.2024

Биыл 300 мың қазақстандық баспана кезегінен шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Ал биыл мамыр айынан бастап 17 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен алынып тасталған. 

650 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұрса, оның 255 140 жуығы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары. Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімін жыл сайынғы түгендеу Қазақстанда 300 мыңға жуық адам тізімнен шығарылуы мүмкін екенін көрсеткен. Яғни, талапқа сай келмейтін, баспанасы бар немесе заң бойынша тұрғын үй алуға өтініш беруге құқығы жоқ тұлғалар көрінеді.

"Түгендеу" - бұл жылжымайтын мүлік объектілерінің нақты орналасқан жерін, олардың мақсатын, өлшемін, ауданын, нақты пайдаланылуын, құрамын және техникалық жағдайын анықтауды тексеру және анықтайды.

Биыл 1 қаңтардан бүгінгі күнге дейін әкімдіктер жалпы саны 32 931 азаматты кезектен шығару туралы қаулы қабылдады.

Кезекте тұрғандар арасындағы ең үлкен сәйкессіздіктер мына себептер бойынша анықталған:

кезекте тұрған адамның және оның отбасы мүшелерінің жылжымайтын мүлкі болса;

кезекте тұрған адамның отбасы мүшелері туралы деректердің сәйкес келмеуі;

әлеуметтік жағдайының сәйкес келмеуі (толық емес отбасы, 1 және 2-топтағы мүгедектер және т.б.);

мемлекеттік қызметші мәртебесінің сәйкес келмеуі (АЖ-де ekyzmet болмауы).

Биыл мамыр айынан бастап министрлік kezekte.kz ақпараттық жүйесін әзірлеушілермен бірлесіп сәйкессіздік анықталғандарға жеке деректерін жаңарту қажеттілігі туралы SMS хабарлама жолдаған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдіктерге мәліметтерді жаңарту үшін белсенді түрде келе бастаған. Бүгінгі таңда 34 мың азаматты кезектен шығару туралы шешім қабылданған. Ал мамыр айынан бүгінге күнге дейін 17 000 азамат кезектен шығарылды.

Фото: inbusiness.kz

Байланысты жаналықтар

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды