Қостанай облысындағы су басқан елді мекендерден бір түнде 150 адам құтқарылды

Өткен тәулікте Қостанай облысындағы су басқан елді мекендерден 150 адам құтқарылды. Олардың 63-бала.

Malim Админ

  • 28.03.2024

Эвакуациялауға әскери тікұшақ қолданылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Республикалық жедел штабтың үйлестіруімен Жаңақала, Екідің, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді. Көмек көрсетілген азаматтар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мемлекет зардап шеккендерге келтірілген залалды өтейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік, наурыздың бірінші онкүндігінде елдің шығыс және оңтүстік аймақтарында бір мезгілде жауын-шашын мол түсіп, ауа температурасы көтерілуіне байланысты бірқатар елді мекендерді су басты. 
ТЖМ хабарлауынша Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында еріген қар суын тарту жұмыстарымен бірге құм салынған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: tobolinfo

Байланысты жаналықтар

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
MalimBlocks
14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі